Біз туралы


«Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК көп бейінді аурухана болып табылады және қала және оның аумақтық округтерінің, облыстың оңтүстік аудандарының (Амангелді және Жангелді), сондай-ақ Ақмола және Ұлытау  облыстарының  жақын аудандарының тұрғындарына шұғыл және жоспарлы стационарлық медициналық көмек көрсетеді.

Қызмет көрсетілетін тұрғындар саны 33 351  адамды құрайды. Облыс орталығынан қашықтығы 480 км, қызмет көрсету радиусы 350 км құрайды.

Арқалық өңірлік ауруханасының құрылымы 10 бөлімшеден тұрады, сондай-ақ стоматологиялық кабинет, орталықтандырылған зертхана, физиотерапиялық кабинет, Трансфузиология кабинеті, Патологоанатомиялық бөлімше, рентгенологиялық кабинет, оның ішінде УДЗ кабинеті, телемедицина орталығы, ауруханаішілік дәріхана, Функционалдық диагностика кабинеті, ФГДС кабинеті бар.

2023 жылдың 1 қаңтар  күніне  өңірлік аурухананың төсек қоры 186 төсекті құрайды, оның ішінде 50 төсектік перзентхана бөлімшесі бар.